Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Бішкекте ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР IІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің көмегімен Бішкек қаласында өткен жылдың тамызынан бері кісі өлтіруге қатысы бар деген айыппен халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады», - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, Астана қалалық ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотты болған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Ол 2 маусым күні жалдамалы пәтерде тұрып жатқан азаматты пышақпен қорқытып, ашқасын алып келген. Бұл факті бйоынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Талдықорғанда қаладағы сауда үйлерінің бірінен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен жергілікті тұрғынды ұстады. Бұған дейін де сотты болған одан ұрланған бұйымдар алынды», - деді департамент басшысы.