Халықаралық коалиция күштері ИМ-нің 7 мың содырларын жойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы апталарда Сирия мен Ирактағы халықаралық коалиция лаңкестікке қарсы операциясы нәтижесінде «Ислам мемлекетінің» (ИМ) кемінде 7 мың содыры жойылды, деп мәлімдеді Иордания ӘӘК командашысы, генерал Мансур Салех әл Жәбур Амманндағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде, деп хабарлады ТАСС.

«Біз тырысқан нәрсеге қол жеткіздік. Біз содырлардың логистикалық орталықтарын, қару қоймалары мен содырлардың паналайтын жерлерін жойдық», - деп атап көрсетті ол. - Біздің түпкі мақсатымыз ИМ-ні жер үстінен жою». Әл Жәбірдің мәліметтер бойынша, ӘӘК қолбасшысы енді халықаралық коалицияның негізгі мақсаты ИМ басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадиді жою, командалық орталықтары мен содырлардың жаттығу базаларын жою, сондай-ақ заңсыз мұнай сатудың жолын кесу. Ол эстремистерді қаржыландыруың негізгі көздері болып отыр.

Skynews Arabia телеарнасының мәліметтері бойынша, жексенбі күні Иорданияға Біріккен Араб Әмірліктерініің жойғыш ұшақтар эскадрильясы жетті. Мұрагер ханзада Әбу Дабидің мұрагер ханзадасы Мухаммед бен Заид Әл Нахаяннің бастамасына сәйкес әмірлік әскери-әуе күштері халықаралық коалиция ауқымында иордан армиясына қолдау көрсететін болады.

Иордания экстремистер позициясына өзінің авиарейдтерін жандандырды, Әл Жәбурдің атап көрсеткеніндей, өткен үш күнде 56 әуе шабуылы жасалды. Негізгі соққылар Сирияның солтүстік-шығысындағы жауынгерлер тірегіне берілді, бірнеше авиарейдтер Ирак аумағында жасалды.

Соның нәтижесінде ондаған экстремистер, сондай-ақ лаңкестік ұйым иелігіндегі жаттығу базалары, қару қоймасы мен казарма жойылды.