Халықаралық көлік дәлізі арқылы Қытайдан Еуропаға 50 млрд. доллардың өнімдері өтеді
«Көлік инфрақұрылымы саласында негізгі жоба - ол «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көліктік дәлізі құрылысына байланысты болып отыр. Бұл ретте Қытайдан Еуропаға қарай ең қысқа автожол бағдары іске қосылады және ол барша Еуразиялық құрлықтың көліктік әлеуетін арттыруда үлкен маңызға ие. Сарапшылардың болжамынша, 2020 жылға қарай Еуропа мен Қытай арасындағы жыл сайынғы тауар айналымның 8 пайызға жуығы осы автомобиль дәлізі арқылы өтетін болады. Егер ақшалай есептейтін болсақ, бұл шамамен 50 млрд. долларға жетеді»,-деді Т. Жақсылықов.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде тауарды жеткізу орташа алғанда 10 тәулікті құрайды. Салыстыратын болсақ, теңіз жолы 45 тәулікке жетеді. Қазақстанда биыл осы автомагистральдің учаскесі толықтай аяқталады.
Жобаны жүзеге асырудың соңында аталған халықаралық дәліз бойынша жүк тасымалы 30 млн. тоннадан астам болады деп күтілуде.