Естеріңізге сала кетейік, Киммо Кильюнен жетекшілік ететін халықаралық комиссияның мүшелері Қырғызстанда өткен жылдың қазан айынан бері жұмыс істеп келеді. Олар былтыр маусым айында Ош және Жалалабад қалаларында орын алған ұлтаралық қақтығыстарға жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
08:45, 03 Мамыр 2011
Халықаралық комиссия Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғаның тексеру қорытындысын жариялайды
БІШКЕК. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Бішкекте Қырғызстанның оңтүстігінде 2010 жылдың маусым айында орын алған оқиғалардың мән-жайын тексеру жөніндегі халықаралық комиссияның баспасөз мәслихаты өтеді деп жоспарлануда.