Компанияның Орталық Азия өңірі бойынша аға менеджері Зарина Ахмедина сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жаңа тәсілдерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық және заңнамалық талаптарды бұзушылықтардың туындауын анықтауға және төмендетуге мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерді талдауды таныстырды.
Сондай-ақ, осы қадамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдерді және үдерістердің ықтимал осал тұстарын анықтауға, алаяқтық, лауазымдық құзыретін асыра пайдалану және әдепсіз мінез-құлық фактілерін тексеруге мүмкіндік береді.
Оның айтуынша компания мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың, оқытудың жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізуге дайын.
Зарина Ахмедина агенттіктің қызметкерлері үшін комплаенс-күн өткізуді ұсынды.
«Ол ақысыз негізде тренингтер өткізу, әртүрлі кейстерді шешу, өзекті сценарийлерді симуляциялау, топтық іскер ойындар және басқа да шаралар арқылы кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған», - деді ол.
Алик Шпекбаев аталған ұсынысты қабыл алып, агенттік қызметкерлерінің, жалпы мемлекеттік аппараттың оқытылуына ерекше назар аударылатындығын атап өтті.
«Үздіксіз оқыту және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру - бұл уақыттың талабы. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік қызметшілердің ойлауын ауқымды трансформациялау. Мемлекеттік қызметшінің тиімді жұмысына кедергі жасауға, олардың ойларын өзгертуге, hard және soft skills-терді дамытуға, сондай-ақ күнделікті қызметте «қажетсіз» элементтерден арылуға бағытталған «Өзгерістерді өзіңнен баста» деген жобасы іске асырылуда», - деді Алик Шпекбаев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Мемлекеттік басқару академиясында «Комплаенс-күн» форматында топтық тренингтерді ұйымдастыруға және бұл тәжірибені басқа мемлекеттік органдарға тарату жөнінде келісімге келді.
Айта кетерлігі Deloitte - консалтингтік және аудиторлық қызметтерді ұсынатын халықаралық компаниялар желісі. Ол аудиторлық компаниялардың «төрттігіне» кіреді. 2017 жылы «Fortune» журналы аталмыш компанияны әлемдегі 100 ең беделді компания рейтингісіне енгізді.