Халықаралық конференцияға қатысушылар Үлкен Алтайдың минералдық-шикізаттық базасына баға берді
«Үлкен Алтай - Орталық Азияның бірегейсирек топырақты-алтын-полиметалдық провинциясы» деген тақырыпты арқау еткен халықаралық конференцияның жұмысына 300-ге жуық маман қатысты. Конференция аясында 188 ауызша және стендтік баяндамалар тыңдалып, талқыланды. Сондай-ақ, екі пленарлық отырыс және «Металлогения және руда материалдары», «Аймақтық геология, геодинамика», «Болжау-іздеу жұмыстарының әдістері, технологиялары және нәтижелері. Минералдық-шикізаттық базаны дамытудың перспективасы» және Минералдық шикізат технологиясы: экология, экономика» деген тақырыптар бойынша төрт секция жұмыс істеді.
Конференцияның қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолияның өзара тиімді шекаралық ынтымақтастығына қолдау болатын бірқатар ұсыныс-кеңестер әзірленді.
Естеріңізге сала кетейік, Үлкен Алтай әлемнің ең танымал ірі кен-рудалы провинциясының бірі болып табылады. Бұл өңірде мыс, мырыш, қорғасын, күміс, алтын, сондай-ақ көмір, түрлі -түсті тастар, минералдық сулардың бай кеніштері ежелден танымал. Үлкен Алтай солтүстік-батысқа қарай шамамен 900 шақырымға дейін созылған, Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Ресей аумақтарында жалпы ауданы 250 мың шаршышақырым жерді алып жатқан біртұтас геологиялық құрылым болып табылады.