Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынуымен бірқатар заң жобалары депутаттардың талқысына шығарылатын болды. Атап айтқанда, «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, пайдалану, жөндеу, жаңарту, пайдалану мерзімін ұзарту және кәдеге жарату саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы», «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартты ратификациялау туралы», «Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартын және Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына нұсқаулықты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шифрлық байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобалары жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілмек.
Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.