Халықаралық медбикелер күніне арнап КТК ойындары өткізіледі

Фото: None
АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ «Нұр Отан» ХДП-мен бірігіп, Халықаралық медбикелер күніне арнап Көңілділер мен тапқырла ойындарын өткізеді.

Іс-шараның өтетін орны «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ конференц-залы.

Бұл туралы «ҰМХ» АҚ Баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық медбикелер күні (International Nurses Day) тойланады. Басқаша айтатын болсақ, бұл күні біз ең адамгершілігі мол мамандықтардың өкілдерін құттықтап, алғыс айтуымыз керек.

Ұстамдылық және шыдамдылық - бұл медицина мамандығының негізі, медицина осындай қасиеттерден тұрады. Бүгінде медбике мамандығы ең сыйлы үштікке жатады. Медбикелік іс - бұл өз алдына дербес ғылым және дербес мамандық. Бірақ медицина мамандарының бәрі науқасты күтудің білімі мен дағдыларын меңгеруге тиіс. Нағыз медбике кәсіби дағдыларды біліп қана қоймай, оның жан дүниесі бай, әрі қайырымды болуы тиіс. Өйткені бізге бұл өмірде қандай да бір адамның жан ашып, бірге қайғырғандығы жетпей жатады. Кейде емделушілерге суық қабақпен берілген дәрі-дәрмектер емес, не белгіленген уақытта қойылатын градусникте емес, жылы қабақ, жылы сөз, ашық сойлесу маңызды болады.

«Бүгін біз өзіміздің медбикелерімізді әзіл-сықақпен, күлкімен құттықтағымыз келеді», - дейді баспасөз қызметі.