Халықаралық олимпиада комитеті 2018 жылғы Қысқы ойындарды өткізуге үш үміткерді атады

АСТАНА. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті 2018 жылғы Қысқы ойындарды өткізуге үміткерлердің түпкілікті тізімін жариялады.

Халықаралық олимпиада комитетінің ресми сайты жұма күні оған француздың Анси, немістің Мюнхен және оңтүстіккореялық Пхенчхан қалалары үміткер болып отырғанын хабарлады. Францияның, Германияның және Оңтүстік Кореяның ұлттық олимпиадалық комитеттері ресми өтінімдерін ең соңғы қазанның 15-інде дейін беріп үлгірді.

Бұдан бұрын Қысқы ойындар-2018 додасына қытайлық Харбин де қатысады деп хабарланған болатын.

Қысқы Олимпиада-2018 астанасы Халықаралық олимпиада комитетінің 2011 жылғы шілдеде Дурбанда (ОАР) өтетін 123-інші сессиясында белгілі болады.