09:54, 11 Қыркүйек 2013
Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа басшысы сайланды
АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Буэнос-Айрес қаласында Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелері жасырын дауыс беру арқылы ұйымның жаңа басшысын сайлады.
Комитеттің экс-басшысы Жак Роггенің орнына неміс Томас Бах келді. Екі кезең бойынша өткен сайлауға Пуэрто-Рико, Швейцария, Сингапур және Украинаның үміткерлері қатысты. Алайда Германия өкілі Т.Бах оқ бойы озық шықты. Айта кетейік, Т.Бах Олимпиада чемпионы ретінде комитет тізгінін алғаш рет алып отыр. 1976 жылы өткен Олимпиадада ол семсерлесуден алтын еншілеген болатын. Комитет құрылған 119 жылдан бері Т.Бах оның тоғызыншы президенті болып сайланды. Экс-президент Ж.Рогге аталған ұйымды 12 жыл басқарды.