Халықаралық Олимпиада күніне орай Алматыда велошеру өтті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қолдауға бағытталған велошеру өтті. Мəре сызығын «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплинінен бастаған қатысушылар Орталық стадионға табан тіреді. Спорттық нысанда мерекелік концерт, спорттық ойындар ұйымдастырылды.

"Бүгінгі велошеруді Халықаралық Олимпиада күніне орай ұйымдастырдық. Бұл шара біз үшін үлкен маңызға ие. Көрікті Алматымыз 2020 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер. Қала көшелеріне шыққан мыңдаған тұрғындар қаламыздың салауатты өмір салтын қолдайтынын білдіреді",- деді қала əкімі А.Есімов. Сондай-ақ қала басшысы тұрғындарды бүгін қалада өтіп жатқан ірі мəдени шара - "Алматы - гүл қала" фестиваліне шақырды. Қала басшысы шаһарда өсіріліп келе жатқан гүл кілемнің көлемі 200 мың шаршы метрге жететіндігін мəлімдеді. Қаланы көріктендіру бағытында бүгінде ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. Саябақтар мен алаңқайлар қалпына келтіріліп, субұрқақтар жөнделді. 150 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың құттықтауын ҚР ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков оқып берді. "Олимпиада күні - жастарды салауатты өмір салтына баулитын маңызды мейрам. Осы күннің негізгі мақсаты əлемдегі барлық адамдарды спорттық мерекеге қатысуға үндеу. Осы керемет дəстүрді сақтайық", - делінген құттықтау хатында. Сонымен қатар, қала басшысы ең белсенді велосипедшілерді мараттады.