Халықаралық парламенттік ұйымдар мен шетел парламенттерінің ынтымақтастық топтарына жіберілетін сенаторлар анықталды

None
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Сенат депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу мәселесі қаралды.

Қабылданған қаулы бойынша ЕҚЫҰ ПА қатысуға төраға Қ. Мәми, депутаттар И. Адырбеков, Ә. Ахметов, Р. Ахметовтар жіберілетін болды. Ал Еуропа Кеңесінің ПА-на А. Судьин, А. Бижанов, С. Жалмағамбетова, Е. Нығматулин, О. Рахманбердиевтер тағайындалды.

Бұдан бөлек,  НАТО жиынына Б. Имашев пен М. Алтынбаев, Парламентаралық одаққа Қ. Ищанов, Б. Жылқышиев, Е. Жұмабаевтар баратын болды. Сонымен қатар,  ТМД ПА, ЕурАзЭҚ ПА, ҰҚШҰ ПА, ИЫҰ ПА топтарына қатысушылардың тізімі де айқындалды. Сондай-ақ, Сенаттың 40-тан астам шет мемлекеттердің парламенттерінің ынтымақтастық топтарына жіберілетін депутаттар тізімдері де бекітілді.