Халықаралық рейтинг агенттіктерінің жүйесі дамыған елдерге арналған - Ұлттық банк төрағасы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Халықаралық рейтинг агенттіктері жүйесі дамыған елдерге ғана арналған. Мәскеуде ғана өкілдіктері бар агенттіктердің өкілдері бізге жылына 2 рет келеді. Шетелдегі және біздегі рейтинг агенттіктерінің айырмасы өте үлкен", дейді Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко. Оның айтуынша, халықаралық рейтинг агенттіктері дамушы елдерді төмен бағалайды. Олардың сарапшылары өздерінде ғана жақсы білім бар деп санайды. Бұл пікірмен өзінің келіспейтінін айтқан Бас банкир олардың рөлінің төмендеуіне бұл да түрткі болып отырғанын жеткізді. Ұлттық банк төрағасының сөзіне қарағанда, халықаралық стандарттар жасалған кезде дамыған және дамушы елдерге жеке-жеке топтама жасалмайды. Талап бәріне ортақ. Ал рейтинг жасаған кезде дамушы елдердің қаржы институттары дамыған елдерден 2 саты төмен бағаланады. Рейтинг өлшемдерін жасауға олар қатыстырылмайды.