«Қазіргі уақытта халықаралық рейтингте Қазақстан әйелдерінің белсенділігі өте жоғары бағалануда. Біз 30 бен 40-шы позицияның ортасында тұрмыз», - деді ол.
Осы ретте Мемлекеттік хатшы Елбасы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын алға қойып отырғандығын еске салып өтті.
«Сондықтан да, біздерге осы бағытта жұмыстар жүргізу қажет. Меніңше, «Нұрлы жол - болашаққа бастар» жол атты жаңа Жолдау аясында біздің әйелдерді бизнеске барынша тарту қажет. Келер жылы 100 млрд. теңге шағын және орта бизнеске бөлінеді. Дәл осы салада әйелдердің әлеуеті өте зор», - деді Г.Әбдіқалықова.