«Энергетикалық қауіпсіздікті күшейту қажет, сондықтан электр энергиясын үздіксіз өндіруді қамтамасыз ету үшін сала өкілдерімен тұрақты байланыста болу керек. Бұл нарықтағы жағдайға, яғни бағаның құбылуына тікелей байланысты. Жаңартылатын энергия көздеріне де, атом энергиясына да климаттың өзгеруіне қатысты тенденциялар әсер етеді», - деді Тим Йео елордадағы энергетикалық қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияда.
Осы орайда ол энергия ресурстарымен қамтамасыз етуде әлем елдерінде тиісті проблемалар бар екенін айтты.
«Қазақстан бұл саладағы әртараптандыру қадамдары мен жаңартылатын энергия ресурстарын іске қосу арқылы, сондай-ақ атом энергетикасын енгізуден пайда көре алады. Кейінгі 12 айда әлемдегі энергия нарығындағы мәселелер қаншалықты күрделі екенін байқадық. Бұл тұрғыда бағаның күрт өсуі және энергиямен қамтамасыз етудің қиындықтары аяқ астынан болуы мүмкін. Біз атом энергиясына инвестиция салу нәтижесінде ауаны ластайтын шығарындылар азайып, энергетикалық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі деп санаймыз», - деді сарапшы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Тим Йео Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты.