Халықаралық сарапшылар: «Болашақ» бағдарламасы - адами капиталды дамытуға ұмтылатын елдерге арналған модель

None
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық сарапшылар «Болашақ» бағдарламасын адам капиталын дамытуға ұмтылатын елдерге арналған модель деп атады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Пенсильвания университеті және Назарбаев Университетінің зерттеушілер тобы екі жыл бойы «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуы туралы мәліметтерді сараптамадан өткізді. Сарапшылар аталған жоба өзінің жоғары білім жүйесін жетілдіріп және инновациялық, дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілетті экономикаға өтіп келе жатқан ел - Қазақстандағы адам капиталын дамытудың тиімді стратегиясына айналды деген қорытындыға келді.

Атап айтқанда, Пенсильвания Университетінің профессоры, Жоғары білім саясаты институты Директорлар кеңесінің мүшесі Лора Пернаның сөзіне қарағанда, «Болашақ» бағдарламасы шетел тілдерін білетіндерді ынталандыру және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қолдауға қажетті техникалық дағды мен білімді қалыптастыру жолымен адами капиталды дамытуға көмектеседі.

Зерттеушілер 20 жыл ішіндегі «Болашақтың» басты жетістіктері қатарында оған іріктеу шартына сәйкес келетін кез-келген үміткер үшін бағдарламаның қолжетімділігін атап өтті. Бұған стипендия иегерлері санының жылына 3 мыңға дейін артуы, бағдарлама туралы ақпаратты тарату және іріктеу шарттарын стандарттау ықпал етті.

Сонымен қатар, шетел сарапшылары жоғары білім жүйесінің және ел экономикасының қажеттіліктерін есепке алып, аталған жоба тетіктерін әрі қарай жетілдіру қажет екеніне сенімді. Атап айтқанда, Л.Перна стипендиаттарды бакалавриат бағдарламасы бойынша қосымша оқыту да инновациялық дамуға көмектеседі деп санайды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар контингенті әлі де әр түрлі: ауылдық жерлерден бағдарламаға қатысушылар үлесі - төмен, ірі қалалардан қатысушылар үлесі - жоғары.