Халықаралық сарапшылар құқықтық семинарға қатысушыларды БҰҰ комитетіне жеке өтініш білдіру жайымен таныстырды
Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз орталығы хабарлады.
Аталмыш семинар жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, басқа да мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми орталардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Халықаралық сарапшылар семинарға қатысушыларды БҰҰ комитеттеріне жеке шағымдарды беру және оларды қарау тәртібі мәселелерімен таныстырды.
Талқылау барысында адамның әділ сот талқылауына, өз пікірін еркін білдіруге құқықтарын іске асыру саласында сындарлы пікір алмасты.
Қатысушылар тарапынан семинар қорытындылары бойынша оны өткізудің өзектілігі мен қазіргі уақытқа сай екендігі, ұлттық заңнамаға жалпыға танымал халықаралық нормалар мен стандарттарды одан әрі енгізу қажеттігі туралы ортақ пікір айтылды.