Кирсан Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясын 1995 жылдан бастап 19 жыл бойы басқарып келеді. 1993-2010 жылдар аралығында Илюмжинов Калмыкияның басшысы болды. Осыған дейін хабарлағанымыздай, онымен бірге Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) президентінің орынтағына шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров таласқан еді.
22:06, 11 Тамыз 2014
Халықаралық шахмат федерациясын Кирсан Илюмжинов басқаратын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кирсан Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.