Халықаралық шахмат матчы алғаш рет Антарктидада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер арасында үш дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифань мен чилилік шахматшы Кристобаль Энрикес қатысатын шахмат бойынша халықаралық матч алғаш рет Антарктидада өтеді.

«Шахмат әлемінде Антрактиада өтетіндей халықаралық матч бірде-бір рет болмаған», - деп хабарлады Халықаралық шахмат федерациясының вице-президенті Беатрис Маринелло.

Шара Магелланова бұғазының ашылғанына 500 жылдығына арналған. Матч Чили базасында Антрактидадағы ауа райы жағдайына қарай 6 немесе 7 ақпанда өтеді, деп хабарлады Interfax.