«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауы 2016 жылдан бастап тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.
Салтанатты іс-шараны «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауы биыл 5-рет өткізіліп отыр. Осы жылдар ішінде бізге 2,5 мыңнан астам шығармашылық жұмыс келіп түсті. Бұл – Қазақстанның барлық өңіріндегі журналистердің, сондай-ақ Әзербайжан, Германия, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Жапониядан келген БАҚ өкілдерінің материалдары. Журналистердің белсенділігі байқаудың барлық номинациясында байқалады. «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала», «Үздік телевизиялық материал», «Үздік радиоматериал», «Ғаламтор БАҚ-ғы үздік жарияланым», т.б. номинацияларға биыл 120-дан астам бұқаралық ақпарат құралдарынан 540-тан астам жұмыс ұсынылды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамаларының маңыздылығы мен мәнін ашатын сапалы жұмыстардың саны артқаны бізді қуантады. Байқаудың ұйымдастырушылары ретінде конкурсқа белсене қатысқан барша Қазақстан мен шетел журналистеріне алғысымызды білдіреміз. Сіздерге жаңа жарқын жеңістер мен табыстар тілейміз!»,- деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов.
«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» аталымы бойынша жүлделі орындар: 1 орын – Андрей Бузаров (EEconomistua.com порталы, Украина), 2 орын – Раду Магдин (European Business Review, Румыния); 3 орын – «Хуш кўрдик» жобасының ұжымы («МY5» телеарнасы, Өзбекстан).
«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» номинациясы бойынша жеңімпаздар: 1 орын – Оксана Мягких («Индустриальная Караганда» газеті), 2 орын – Айбек Тасқалиев («Ақтөбе» газеті), 3 орын – Игорь Прохоров («Казахстанская правда» газеті).
«Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша: 1-орын Айгүл Жүнісова («Хабар» телеарнасы), 2 орын – «Еуразия» бірінші арнасының ақпараттық бағдарламалар дирекциясының ұжымы, 3-орын Гүлназ Кәрімжанқызы («Қазақстан» РТРК, Атырау қ.).
«Үздік радиоматериал» номинациясында 1-орынды Ләззат Тиышбекқызы («Шалқар» радиосы), 2-орынды Гүлназ Айтқұлова («Астана» радиосы), 3-орынды Мұхамедияр Рашай (Qazaq radiosy) иеленді.
«Ғаламтор БАҚ-ғы үздік жарияланым» номинациясы бойынша 1-орынды Қанат Махамбет (IInbusiness.kz АА), 2-орынды Алтынбек Құмырзақұлы («ҚазАқпарат» АҚ), 3-орынды Олжас Бейсенбаев («ҚазАқпарат» АҚ) алды.