Оның айтуынша, мұндай мүмкiндiк 2015 жылдан бастап қолжетiмдi болады.
«Бiз бүгiнде билеттердiң бағасын оңтайландыру бойынша жұмыстар атқарудамыз. Бiрiншi кезде ол жеңiлдiк жасау тетiктерiне қатысты болып отыр. 2015 жылы 11 қаңтардан бастап, халықаралық деңгейдегi темiржол қатынастарына 30 пайыздық жеңiлдiк жасау бағдарламалары жасалмақ. Егер жолаушы алдын ала сатып алса, билет бағасы төмен болады», - дедi Ж. Байделдинов.