Түркі тілдес мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша халықаралық ұйым ретінде құрған Академия қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.
Д.Қыдырәлі Академияның зерттеу, ағарту және баспа жұмыстары туралы хабардар етті, сондай-ақ ХVIII ғасырдағы қазақ дипломатиясы туралы шетелдік мұрағаттарда табылған тарихи түпнұсқа құжаттар негізінде жазылған жаңа кітаптарды таныстырды.
Халықаралық Түркі академиясының президенті 2016 жылы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде «Жібек Жолының бойындағы үнқатысу» тақырыбы бойынша дипломаттар мен түрлі елдердің ғалымдары кеңінен қатысатын отырыс өткізу туралы жоспарымен бөлісті.