10:25, 19 Қыркүйек 2013
Халықаралық турнирде хромтаулық волейболшылар жеңіліссіз келе жатыр
АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Волейболдан Ресейдің Владимир қаласында волейболдан ерлер командалары арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Жексенбіге дейін созылатын бұл жарыс халықаралық деңгейде биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған Ресейден - 4, Қазақстаннан - 2 команда қатысуда.
Сейсенбі күні басталған бұл додада Хромтаудың «ТНК Қазхром» волейболшылары Смоленс қаласының «СГАФК-Феникс» командасын 3:1 (28:26 26:24 28:30 25:17), Санкт-Петербург қаласының «Автомобилист» командасын 3:0 (25:21, 27:25, 25:21) есебімен ұтты. Ал Оралдың «Конденсаты» жарыс қожайындарының «Владимир» командасына 2:3, Стерлитамактың «Спортакадемия-ВРЗ» командасына 1:3 есебімен есе жіберді. Ал владимирліктер смоленскіліктерге 2:3 боп жеңілсе, санкт-петербургтіктер стерлитамактықтарға дәл осындай есеппен есе жіберді.