Бұл туралы бүгін жоғарыда аталған ұйымдардың өкілдері Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында хабарлады.
Мәслихат барысында әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы еңбек миграциясы кедейшілік мәселесіне тап болған Орталық Азия елдеріндегі көптеген отбасылар үшін күнкөріс мәселелерінің шешімі болып табылып отырғандығы аталып өтілді.
«Кедейшіліктің өсу деңгейі мен көптеген отбасылардың өмір сүруге қаражатты іздеу қажеттілігі еңбек етіп жүрген көшіп -қонушыларды заңсыз, әрі пайдалану жағдайында жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұл көптеген мигрант әйелдер мен ер азаматтар және олардың отбасылары үшін өте маңызды табыс көзі болып табылады. Ал, бүгінде ол әйелдер пайдалану мен трафикке екі есе душар болуда. Еңбек миграциясын әдетте ерлердің ісі деп қарастырғанмен, бүгінгі күні біз көші-қонның феминизациясына тап болдық», деді ТМД елдеріндегі ЮНИФЕМ бағдарламаларының Өңірлік директоры Дамира Сартбаева.
Орталық Азия елдеріндегі Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымының Субөңірлік үйлестірушісі Злато Зигичтың пікірінше, миграцияны өмір сүрудің жалғыз баламасы деп жасамай, мигранттар үшін көші-қоннан түсетін пайданы арттыру мүмкіндігін дамыту керек.
Жоба туралы ойын білдірген ол: «Бұл бағдарлама еңбектенуге көшіп-қону жөніндегі мәселелерді реттеуге жәрдемдесуге бағытталған, ол Орталық Азиядағы кедейшіліктің деңгейін төмендетуге ықпал ететін шешуші фактор болып табылады. Жоба жасалу барысында көшіп- қонушылардың құқықтарын қорғауға, көшіп -қонушылардың (ерлер мен әйелдердің), сондай-ақ олардың отбасыларының әлеуметтік-экономикалық жағдайына баса назар аударылатын болады », деп атап өтті ол.
Бағдарлама Орталық Азиядағы елдердің және Ресей Федерациясының Үкіметтері мен Дүниежүзілік банк, үкіметтік емес ұйымдармен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыралатын болады.
Ресми деректерге сәйкес, жыл сайын Орталық Азиядан Ресейге 4,5 миллион қоыс аударушылар, бейресми деректерге сәйкес 10 миллионға жуық адамдар келеді екен. Ал, Қазақстанға ресми деректер бойынша 200 мың, ал бейресми деректер бойынша 500 мыңнан 1 миллионнан астам адам келеді.