Халықаралық ұйымдардың консорциумы Каспий теңізіне мониторинг жүргізудің жобасын қолға алды

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат – Халықаралық ұйымдардың консорциумы UNOPS, БҰҰ Даму бағдарламасы және Жаһандық экологиялық қор сияқты ұйымдардың атынан, «Каспий теңізі: балық қорын қалпына келтіру және тұрақты аймақтық «ҚазЭкспо» табиғатты қорғау құрылымын құру» деп аталатын жаңа жобаны жүзеге асыруға кіріскелі отыр,

деп хабарлады ҚазАқпаратқа БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметінен. Жоба үш жылға есептелген және оның жалпы бюджеті 1 570 мың АҚШ долларын құрайды. Жалпыаймақтық жоба болып табылатын бұл жоба барлық Каспий жағалауы мемлекеттерін қамтитын болады және Астанадағы аймақтық басқару және үйлестіру бюросынан реттеліп отырады. Жобаны жүзеге асырудағы басты басымдық - су тоғанын жалпы аймақтық табиғи қорғаудың құрылымын құру арқылы Каспий теңізін орнықты пайдалану мен оның биоресурстарын сақтаудың қағдидаларын енгізу болып табылады.