Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсу болжамын 3,1 пайызға дейін төмендетті - Е.Досаев

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсу болжамын 3,1 пайызға дейін төмендетті.

Бүгін бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

«Соңғы үрдістерге байланысты халықаралық валюта қоры шілде айында әлемдік экономиканың өсуіне қатысты болжамды 3,3 пайыздан 3,1 пайызға дейін төмендетті. Бұл өткен жылдың деңгейіндегі көрсеткіш болып табылады. Жалпы әлемдік экономикада тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстанның ЖІӨ алдын ала бағалау бойынша бірінші жартыжылдықта 5,1 пайызға өсті. Бұл біздің болжамымызға сәйкес келетін көрсеткіш»- деді Е.Досаев.