09:10, 10 Маусым 2009
Халықаралық валюта қоры Бейжіңнің қор облигациясына 50 миллиард доллар инвестициялау ниетін қолдап отыр
ВАШИНГТОН. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Доминик Стросс-Кан Қытайдың Халықаралық валюта қорының облигацияларына 50 миллиард доллар инвестициялау ниетіне қолдау білдірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қор басшылығының пікірінше, қытай өкіметінің шешімі халықаралық институттың дағдарыстан зардап шеккен елдерге көмек көрсету мүмкіндігін анағұрлым кеңейте түспек. «Оған қоса, бұл бастама жаһандық экономиканың тезірек жандануына сеп болады», - дейді Доминик Стросс-Кан.