«Біз жарты жыл бұрын Қазақстан экономикасының өсімін 2 пайыз деп болжаған едік. Экономиканың қалпына келу деңгейі жоғары болып отыр», - дейді Таяу Шығыс пен Орталық Азия бойынша департаменті директорының орынбасары Дэвид Оуэн.
Оның пайымдауынша, Қазақстан экономикасының өсімі әлемдік нарықтағы шикізат бағасымен тығыз байланысты. Жалпы ел экономикасының дамуындағы биылғы қарқын алдағы жылы да сақталады деп болжанып отыр.
13:25, 28 Қазан 2010
Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына қатысты болжамына өзгеріс енгізді
АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының өсімі биыл 5,5 пайыз болады деп болжап отыр. Бұл жайлы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.