"Әлемдік экономикада дағдарыстан кейінгі қалпына келу үрдісі жүріп жатыр. 2010 жылғы өсім жыл басында жарияланған болжамнан жоғары болғалы отыр. Бұған экономиканың қалпына келуінің жоғары қарқынмен жүріп жатқаны түрткі болып отыр. Біздің болжамымызға қарағанда, ағымдағы жылы өсім 4,8 пайызды құрайды", дейді Халықаралық валюта қорының Шығыс пен Орталық Азия елдері бойынша департамент директорының орынбасары Дэвид Оуэн.
Оның айтуынша, қазір кейбір елдерде экономикалық өсім баяулауда. Сондықтан алдағы жыл әлемдік экономиканың өсім деңгейі 4,2 пайызды құрайды деп болжануда.
15:49, 28 Қазан 2010
Халықаралық валюта қорының болжамынша, 2011 жылы әлемдік экономиканың өсім деңгейі биыл 4,8 пайызды құрайды
АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әлемдік экономиканың өсімі 2010 жылы 4,8 пайызды құрауы мүмкін. Бұл жайында бүгін Алматыда Халықаралық валюта қорының "Кавказ бен Орталық Азия аймағындағы экономикалық дамудың келешегі" туралы есебін жариялау кезінде айтылды.