«Өткен жылы Қазақстанда апробациялық зерттеу жүргізілді, оған еліміздің 200 мектебі қатысты. Нәтижесінде Ақтау қаласының мамандандырылған IT-лицейі бірінші орынға ие болып, 9-орта мектеп Қазақстанның үздік мектептерінің тізіміне кірді»- деді Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, PBTS (PISA-Based Test for Schools) – ЭЫДҰ PISA негізінде әзірлеген халықаралық салыстырмалы зерттеу. Дәстүрлі PISA зерттеуінен айырмашылығы PBTS оқушыларға мектеп деңгейінде сыртқы бағалауды жүргізеді.
2022 жылы да Қазақстанда PBTS зерттеуіне республиканың барлық өңірлерінен 1 000-ға жуық мектеп қатыспақ. Биыл да Маңғыстау облысының мектептері білімін сынға салуды жоспарлап отыр.