Бұл туралы «KAZENERGY» Қауымдастығы хабарлап отыр.
Жыл сайын мұнай-газ секторының алдыңғы компаниялары ел игілігі үшін әлеуметтік жобаларды әзірлеп, өз инвестицияларын сол жобаларды жүзеге асыруға бағыттайды. Мұндай корпоративті әлеуметтік жауапкершілік қоғамда насихатталып, KAZENERGY Еуразиялық Форумы сынды көлемді шаралар арқылы танылып қолдау табуы керек.
VII KAZENERGY Еуразиялық Форумы негізгі отандық және шет елдік мұнай-газ саласының өкілдеріне KAZENERGY SOCIAL ROOM алаңын ұсынады. Бұл алаңда «KAZENERGY» Қауымдастық мүшелері өздерінің әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ мемлекеттік және аймақтық ауқымдағы экологиялық бағдарламалардың тұсаукесерлерін көрсете алады.
«Шараның міндеті - мұнай-газ саласындағы компанияларды еліміздің тұрақты дамуы мен әлеуметтік әл-ауқаттылығын қамтамасыз етіп, халқымыздың өмір сүру сапасын жоғарлатуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жобалардың белсенді қатысушысы ретінде таныту», - дейді шараны ұйымдастырушы «KAZENERGY» Қауымдастығы.