АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьте өтіп жатқан ТМД елдерінің ойындарында ел құрамасынан самбошылар мен каратэшілер жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, самбодан жарыс Жлобин қаласында өкізілді.
Алғашқы күні самбодан ел құрамасы құрамасы 2 алтын және 3 қола медаль алды. Қазақстандық Жасұлан Нариманов (58 келі) пен Арнұр Қуатай (71 келі) өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ.
Ал Еламан Қойшыбаев (88 келі), Айжан Жылқыбаева (50 келі), Шынар Абатова (72 келі) қола жүлдегер атанды.
WKF каратэден алғашқы жарыс күнінде ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева алтын алды. Ал кумите бағдарламасында Әбілмансұр Батырғали күміс медаль иегері болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ТМД елдерінің ойындарында қазақстандық суға жүзушілер үш медаль жеңіп алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.