Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Бақыт Әбішевтің айтуынша, аталмыш жүйе ілкі режімде Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында сынақтан өткізіледі.
«Аталған бағдарлама рұқсат құжатты ресімдеу кезінде тасымалдаушы мен көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің тікелей байланысын болдырмайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, қызмет көрсету уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, арнайы жасалған формула жүк тасымалдаушының өзіне қажетті бланкіден артық бланк алуына жол бермейді», - деп атап өтті Б. Әбішев.
Оның айтуынша, бүгінде электрондық жүйе арқылы еліміздің жүк тасымалдаушыларына 1300-ден астам бланк берілген.
«Бір бланкінің құны 3 АЕК, яғни шамамен 5 мың теңге. Енді бланк алу үшін «электрондық үкімет» арқылы өтініш беріп, дайын болған кезде оны кез келген ХҚКО-дан алып кетуге болады. Аталмыш бланкілер жоғарыда аталған 4 аймаққа Қытай елінен тауар тасуға аса қажет болып отыр», - деді Б. Әбішев.