«Жетекші жоғары оқу орындарымен таныстым. Онда журналистерді дайындаудың әлі нақты бағдарламасы жоқ. Әр оқытушы өз бағдарламасын жасайды. Сондықтан халықаралық журналистикаға дайындау да мүлде жоқ деуге болады», - дейді В. Жандәулетов. Валерий Айтмұқашұлының айтуынша, халықаралық журналистика елімізде кеңестік дәуірде де болған жоқ. Ол кезде бәрі мемлекеттік басылым болса, қазір оның үлесі 5 пайыздан да аз. Осыған қарамастан халықаралық журналистиканы дамыту бағытында қазір де елеулі ілгерлеушілік байқалмай отыр.
12:55, 19 Желтоқсан 2012
Халықаралық журналистикада елеулі ілгерілеушілік байқалмайды - Валерий Жандәулетов
АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Журналистерді дайындаудың әлі нақты бағдарламасы жоқ. ҚР Президенті баспасөз қызметінің Алматы бюросының меңгерушісі Валерий Жандәулетов бүгін «Вес мир» халықаралық газетінің 10 жылдығына арналған баспасөз мәслихатында осылай айтты.