Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек неге көп

Фото: None
Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташева жаз айларында халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек неге көбейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсемгүл Балташева өзінің Facebook парақшасында «Азаматтарғаарналған үкімет» корпорациясының қызметінде қатысты біраз дүние қордаланғанынрастайды.

«Біздің корпорациямыз арқылы азаматтар үшін 600-ден астамқызмет түрі көрсетіледі. Фронт-офистердегі қызмет көрсету сапасына қатыстыхалықтың арыз-шағымдарын біз үнемі ескеруге тырысамыз, мұны сіздер әлеуметтікжелілердегі ресми аккаунттардағы кері байланыс арқылы байқаған да боларсыз.Дегенмен соңғы кезде халықты мазалап жүрген бірнеше жайтқа тоқталып өтсем», - дейді ол.

Корпорация басшысының айтуынша, жазда халыққа қызмет көрсетуорталықтарына баратын тұрғындар саны екі есе өседі. Бұл ең алдымендемалушылардың сапарға шығуға қажет құжаттарын жасатуымен байланысты. Ал еңбекдемалысына шыққан азаматтар бос уақытында баспана құжаттарын жасатып, тұрақтытіркеуге тұрып, көліктерін сатып, жаңасын алып жатады.

«Мамандандырылған ХҚО қызметіне қатысты ҚР ІІМ-нің енгізгенжаңашылдықтары 1 шілдеден бастап көлік иелерін әбігерге түсіріп, қызметтердіңдер кезінде көрсетілуіне кедергі келтірді. Мемлекеттік органның ақпараттықжүйесіндегі ақау кезектің туындауына алып келді. Өз тарапымыздан бұл мәселенішешу үшін бірқатар шара қабылдап, «соңғы клиентке» дейін жұмыс істеп, құжаттықабылдаушы мамандардың санын арттырып, автоХҚО-дан қала бағытына жүріп- тұратынтегін автобустар ұйымдастырдық. Бүгінде ондағы қызмет қалыпқа түсіп, жұмысбарысы реттелді», - дейді Әсемгүл Балташева.

Ол сондай-ақ, аталмыш орталықтарға атаулы әлеуметтік көмеккеүміткер аналардың көптеп келетінін де айтады.

«Әрине, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы – мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері. Десе де еліміздегібарлық мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электрондық форматта қолжетімдіекенін де айтқым келеді. Яғни, керекті анықтамалар мен құжаттарды egov.kzсияқты электронды портал, mgov.kz қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot арқылыонлайн алуға болады. Демек ХҚО-сыз да құжаттарды алудың балама жолы бар. Бұлжерде цифрлық жаңашылдықтарды қолдану реті қиын, бәрінің үйінде ноутбук пенкомпьютер жоқ қой дегенді айтатындар да табылатыны сөзсіз. Бірақ мұнда көпнәрсенің адамдың өз ниетіне байланысты екенін де ұмытпау керек. Егер адам шынниетімен ізденсе, кез келген керекті ақпаратты интернеттен тауып,тамыр-танысынан сұрап, тіпті болмағанда бізге хабарласып біле алады», - дейдіол.

Цифрлық болашаққа аяқ басқан адамдардың ХҚО-ға бармай-ақ, барлығын онлайн негізде,санаулы минуттардың ішінде ала бастағанын айтқан корпорация басшысы мұндайазаматтарымыздың саны еселене түседі деген үмітін де білдірген.

Соңғы жаңалықтар