Бұл туралы ол бүгін Әділет министрлігінде Мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімділігін бақылау және оған мониторинг жүргізу жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мәжілісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның пайымдауынша, жергілікті атқарушы органдар бұл мәселені шеше алмай отыр. «Сонымен қатар қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына қатысты тағы бір мәселе, қазіргі
таңда азаматтардың жеке куәліктерін алу үшін қызмет көрсету орталықтарына екі ай мерзім берілген. Алайда, куәлікті сонымен қатар өзге органдар арқылы қызмет көрсету орталығындағыдан әлдеқайда қымбат бағаға, бірақ өте қысқа мерзімде жасатуға болады. Біздің азаматтарымыз қандай да бір аймаққа мәжбүрлі түрде кетулері керек болса, олар неге артық ақша төлеулері керек. Сондықтан біз қызмет көрсету орталықтарындағы куәлік жасауға кететін уақытты 2 айдан 1 айға дейін қысқарту керек деген шешімге келіп отырмыз. Бұған қажетті мүмкіндіктер бар», деді депутат.
Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, осы уақытта жергілікті жерлердегі халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыс істеп жүрген азаматтар жоғары білімді болғанына қарамастан мемлекеттік қызметкер емес. Олардың айлық жалақылары небәрі
15-18 мың теңге. Ал мұндай жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу мүмкін емес, нәтижесінде онда кадр тұрақтылығы да біршама проблема болып отыр.