Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Естеріңізге салып өтейік, компьютерлік тестілеу барысында аттестациядан өтушінің ҚР заңнамасын, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің стандарттары мен регламенттерін білу деңгейі тексерілді.
Аттестация қорытындысында қызметкерлердің 29 пайызы мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен нормативтік-құқықтық базаны және регламенттейтін құжаттарды толық білмейтіні анықталды.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, ауқымды аттестациялау ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің бастамасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарынан мемлекеттік қызметтерді алу барысында азаматтарды әрі сапалы, әрі кәсіби қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Аттестациядан өткізу процесіне «ХҚКО»РМК қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП-ның және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ-нің өкілдері жергілікті жерлерде бақылау жүргізді. Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің Ахуалдық орталығының техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы Астанадан онлайн тәртібінде бақылау жүргізілді.