деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласынан хабарласқан ардагерлер кеңесінің төрайымы Майра Рахметулина өзі тұрып жатқан 2 шағын ауданы 37 үйді «Жол картасы» аясында абаттандыруға бөлінген 2 млн. 311 мың 857 теңгенің мақсатсыз жұмсалғандығы туралы мәлім етіп отыр. Оның айтуынша, аталған тұрғын үйдің ауласы сын көтермейді - жолы жөнделмеген, тротуары мен жарығы жоқ. «Біздің бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Қала әкімі Ахметжан Есімов бұл мәселеге атүсті қарап отыр. Сондықтан осы мәселені Президент білсе екен дейміз»,-дейді М.Рахметулина.
Айта кетейік, Президенттің халықпен тікелей желі арқылы тілдесуіне дейін 14 күн қалды. Дәл осы уақытқа дейін Байланыс орталығына 5 сұрақ келіп түсті.