Халықтардың генетикалық араласуын картадан көруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс зерттеушілері тарихи үдерістер барысындағы халықтардың генетикалық араласуын көрсететін карта жасады.

Олар интерактивті картаның жасалу процесі мен әдісін Science журналында жарияланған мақалада кеңінен баяндаған. Ғалымдар картаны дайындау үшін жер шарының 90 түрлі аймағынан 1 мың 490 адамнан ДНҚ үлгісін алып, олардың ұқсастығы мен айырмашылықтары негізінде жаһандық карта әзірлеген.

«Оның интерактивті негізінен еуропалық отаршылдық, моңғол империясының пайда болуы, араб шапқыншылығы, сонымен қатар Ұлы Жібек жолы сынды тарихи оқиғалардың генетикалық салдарының мүмкіншілігін көруге болады», - деп жазады Газета.Ru.