Халықты әлеуметтік-экономикалық мәселелер жиі мазалайды
14:00, 13 Қараша 2012
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясына келіп түскен арыз-өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қамтиды.
Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында партияның Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мәлім етті.
Халықты зейнетақыны есептеу, оның көлемін қайта қарау, мүгедектерге жәрдемақы төлеу, еңбекақыны уақытында беру, жұмысқа орналасу, еңбек даулары және медициналық көмек мәселелері жиі мазалайды.
«Жалпы, өткен айда партияның Қоғамдық қабылдау бөлімдеріне 9 мыңнан астам адам хабарласты. Орталық аппаратқа 900-ден астам арыз-өтініш келіп түсті. Мемлекеттік органдардан жазбаша өтініштердің 66 пайызына жауаптар мен түсіндірулер алынды. Осы орайда атап өтер жәйт, қаралған өтініштердің жартысына жуығы өзінің оң шешімін тапты», - дейді Ж.Жүкенов.