Халықты ауызсумен қамтамасыз етуге қосымша 6,4 миллиард теңге бөлінеді
14:24, 08 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан халқын ауызсумен қамтамасыз етуге қосымша 6,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты.
Министрдің атап өтуінше, аталған қаржы халықты ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруды бастауға әрі ауылдық елді мекендерге зерттеу жүргізуге, сонымен қатар сумен жабдықтау жүйесін салуға және жөндеуге бағытталмақ.
Сондай-ақ Б.Жәмішевтің айтуына қарағанда, әлеуметтік көмек алушылардың санының артуына байланысты зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 8,8 миллиард теңге қарастырылған.