Халықты жұмыспен қамту жұмыстарына күш салу керек –Бақытжан Сағынтаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Бұл туралы шаһар басшысы бүгін өзінің instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматының бизнес - қауымдастығымен, еңбекпен қамту орталықтарымен,өкілетті құрылымдармен еңбекпен қамту және жұмыс орындарын құру бойынша ашықәңгіме өрбіді.
Біздің мақсатымыз - сапалы жұмыс орындарын құру, еңбекпен дұрыс қамтылмағандармен жұмыссыздар санын қысқарту, қала экономикасының құрылымына сай кадрлардаярлау жүйесін жақсарту. Ашық экономикалық сараптама қажет. Қаланың еңбекнарығында орын алған проблемаларды шешудің жолдары қандай ?. Кеңесте менөзімнің сұрақтарыма нақтылы жауап ала алмадым»,-деп жазады қала әкімі.

Оны сөзінше, әлеуметтік әл-ауқат (Сайфеденов), стратегия және бюджет(Жазылтаева), кәсіпкерлік және инвестициялар (Наурызбеков) басқармаларыныңхалықты еңбекпен қамту жұмыстары жеткіліксіз.

«Екі аптадан соң бұл мәселеге қайта ораламын»,-дейді Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар