«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлағандай, бүгін танысу мақсатында қазақстандық жазушылар Пәкістан Жазушылар одағына барып, осы мекеменің активімен кездесу өткізді.
Делегацияны академия басшысы Мохаммед Касим Бугхео қарсы алып, ведомствоның қызметі мен міндетті туралы қысқаша айтып өтті.
Өз кезегінде, қазақстандық делегация басшысы танымал жазушы Бақытқожа Рүстемов Қазақстан әдебиеті мен публицистикасының жағдайы туралы баяндады. Тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша пікір алмасты. Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынасындағы «халықтық дипломатияның» рөлі аталып өтті.
Кездесу соңында қазақстандық тарап Пәкістан Жазушылар одағына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағылшын тіліндегі «Leadership perspectives» кітабын тарту етті.