«Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша ақпараттық түсіндіру науқаны басталды

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақстанда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша ақпараттық түсіндіру науқаны басталды»,

 деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.

 Осы аптадан бастап, «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша 8 800 080 50 70 жұмысын бастады. Бұл нөмірге хабарласу Қазақстан бойынша тегін. Сондай-ақ Алматы қаласында да  8 (727) 250 70 00 арнайы нөмірі жұмыс істейді. Сенім телефондары демалыссыз күндізгі сағат 9-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді. «Кез келген азамат осы телефон бойынша телефон соғып, «Халықтық IPO» бағдарламасы жөніндегі өзіне қажетті мәліметтерді ала алады. Операторлар қазақ тілінде де, орыс тілінде де жауап береді»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.

 Сонымен қатар «Халықтық IPO» бағдарламасының арнайы веб-сайты жұмыс істей бастады. www.halyk-ipo.kz . сайтынан «Халықтық IPO-мен» байланысты кез келген  қажетті мәліметтерді алып, мақалалар мен жаңалықтарды білуге болады. Сайтта сонымен қатар қор нарығындағы жағдай жөніндегі ақпараттық-оқыту материалдары орналастырылады.  Интернетті белсенді пайдаланатын азаматтар үшін Twitter и Facebook сияқты әлеуметтік сайттардан арнайы аккаунттар ашылған. Ақпараттық-түсіндіру науқанында бұқаралық ақпарат құралдарында «Халықтық IPO» бағдарламасы жөнінде терең түсініктеме беретін мақалалар жарияланып, бағдарлама жөніндегі мәжілістер мен жиындар түріндегі шаралар жөнінде мәліметтерді алуға болады.