компаниялардың акция пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару» мемлекеттік бағдарламасының аясында («Халықтық IPO» бағдарламасы) «Халықтық IPO» Бағдарламасын іске асырудың негізгі мәселелерін түсіндіру бойынша арнайы оқыту медиа-семинарын өткізуде.
Бағдарламаның басты мақсаттары - Қазақстан тұрғындарына өздерінің ұзақмерзімді жинақтауларын инвестициялау үшін ірі компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігін беру және Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Семинардың мақсаты - журналистердің Халықтық ІРО Бағдарламасын жариялаудағы кәсіби деңгейлерін, эмитент-компаниялардың және жалпы алғанда қор нарығының рөлін көтеру.
Семинарға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, Қазақстандық қор биржасы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және тағы басқалар қатысады.