«Еліміздің бас трансфер-агенті «Қазпошта» - аса қарбалас режимде жұмыс істеді, сондықтан да ІРО кезінде кейбір өтініштер ұзақ уақыт рәсімделді. Өйткені, ол өтініштерді поштаның орталық кеңсесіне жолдап, сосын брокермен қол қойдыру қажет еді. Сосын барып бұл құжатты қайта қайтаруға үш-төрт күн уақыт кетті», - дейді Қ. Қабылдин. Оның айтуынша, бұндай жағдайда клиенттер акцияларды сатып алу мен сатуларға қатысты нұсқаулардың орындалу салбырлығына сын айтуы мүмкін. Сондықтан да, Бас директор «Қазпоштаны» қажетті техникалық және технологиялық бағдарламамен қамтамасыз ету бойынша қайта жарақтандыру керектігін алға тартады.
«Оның ішінде клиенттер тарапынан берілетін нұсқау мен бұйрықтарды брокерге «қолма қол» жеткізетін мүмкіндіктерді қамтитын технология керек. Бұдан бөлек, «Қазпошта» персоналдарын оқыту бағдарламаларын да жалғастырған орынды», - дейді Қ. Қабылдин.