Оны "Самұрық-Қазына" АҚ-ның Басқарушы директоры Питер Хауз бүгін Алматыда өтіп жатқан "Халықтық ІРО-ға бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дайындау" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтты.
"Халықтық ІРО" бағдарламасына акциялары саудаға түсетін ұлттық компания қызметкерлерінің көбірек қызығушылық білдіруінің де маңызы зор. Өткені олар ондағы ахуалды өзгелерге қарағанда жетік біледі. Сондықтан неге бұлай, неге олай емес деген сияқты барлық сауалдарды көбірек қоюға мүмкіндігі бар", - дейді П.Хауз. Оның айтуынша, акционерлердің жиналыстарында үлесінің көлеміне қарамастан барлық акция иелерінің компания басшыларын сайлауда өз рөлі бар.
Жалпы "Халықтық ІРО" бағдарламасына алғашқы кезекті өз акцияларын шығаратындар - "ҚазТрансОйл", "KEGOC", "Эйр Астана" АҚ-дары болғалы отыр. Олар онда 5-15 пайыз көлеміндегі қосымша акцияларын саудаға салмақ. Онда алдымен қарапайым халықтың сұранысы қанағаттандырлып, содан кейін ғана зейнетақы жинақтау қорларының сатып алуына мүмкіндік берілетін болады.