Бұл туралы ҚазАқпарат халықтық коалицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Штаб пен Халықтық коалиция атынан біз ардагерді Республика күнімен құттықтадық»,-деді ҚР Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тараз қалалық қоғамдық штабының жетекшісі Уәлихан Байдуанов.
Қарағандыда өңірлік штаб мүшелері құрметті ардагерлер Нұрсахан Бейсенбеков пен Григорий Презентті құттықтады.
Барлық облыста 226 өңірлік аудандық штабтар ашылды, олардың жұмысына кандидаттардың сенімді өкілдері мен танымал қоғам қайраткерлері атсалысуда. Штабтардың құрамына 6 мыңнан астам адам кірді.