Халықтық партия халықтан билікке идеялардың ағылуын қамтамасыз етуі тиіс - Б.Байбек

None
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Халықтық партия халықтан билікке идеялардың ағылуын қамтамасыз етуі тиіс. «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген аталған партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осындай пікір білдірді.

«Партия көшбасшысы бірнеше мәрте «Нұр Отанның» халықтық партия екендігін айтқан болатын. Біздерге адамдарың проблемасын, олардың тілектерін, қалай өмір сүретіндігін білу маңызды. Орынбасар лауазымына келген кезден бастап Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен жұмысымды өңірлерден бастадым. Партияластармен кездесіп, шалғай ауылдарға сапарлап, халықпен, қатардағы «нұротандықтармен», біздің азаматтарымыздың түрлі санаттарымен кездестім. Халықтық партия - ол халықпен тікелей жұмыс істеу, халықтан билікке идеялардың ағылуын қамтамасыз ету бағыттарымен ерекшеленеді. Яғни, бүгінгі халық нені күтсе, сол мәселелер шелуі тиіс. Сондықтан да бүгінгі съездің міндеті - қазіргі таңдағы тек партиядағы ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы проблемаларды кеңінен талқылау», - деді ол.

Б.Байбектің атап өтуінше, партия үшін жастармен жұмыс істеу барынша маңызды. Бұдан бөлек, партия жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыру қажет.