Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Кірістерді декларациялау: қолдаушылар мен қарсылар» атты дөңгелек үстел барысында Инвестициялардың тиімділігін зерттеу бойынша агенттіктің аға сарапшысы Ерлен Бадыхан мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда халықтың жартысына жуығы - жұмыссыздар. Дәлірек, олар қолдарынан келген жұмыстарды жасайды.
«Бірақ олар ресми түрде жұмыссыздар болып саналмайды. Ресми статистика бойынша елімізде жұмыссыздық деңгейі 5% сәл ғана астам. Дей тұрғанмен, бізде жұмыссыздар саны көп. Ал Қазақстанда батыс елдеріндегі үлгі бойынша кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізілейін деп отыр. Бірақ батыс елдерінің халқы мен Қазақстан халқының алатын табыстарын салыстыруға тіпті келмейді», - деді Ерлен Бадыхан.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан азаматтары мен мекендеу қағаздары бар тұлғалардың кірістері мен мүліктерін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес, декларацияны 2015 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізу жоспарлануда.